Енді Қазақстанда жүргізушілер жанармайдың сапасын анықтай алады. Ұлттық тұтынушылар лигасы жанармай сапасын тексеретін тестерді тегін таратуда, деп хабарлайды «Азаттық». Егер жанармайға батырылған тестер-қағазда дақтар пайда болып, түсі өзгерсе, бензин сапасыз деген сөз.
Аталған ұйымнан әр жүргізуші он тестер ала алады. Егер сапасыз бензинді байқаса, тестерді ұлттық лигаға әкелуі тиіс. Нәтижесінде мониторинг жасалынып, сапасыз бензин сататын жанармай құю бекетінің тізімі тұтынушылардың ұлттық лигасы сайтында жарияланады.
Қазір мұндай тексеру қағаздарын жүргізушілер Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Атырау және Қызылорда қаласындағы тұтынушылар лигасының филиалдарынан алуына болады. Ал бір-екі айдың көлемінде тестерлерді Қазақстанның барлық қалаларына таратуды жоспарлап отыр.