АИ-92 бензині қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АИ-92 бензині қымбаттады

05.04.2021

Қызылордада АИ-92 маркалі бензин қымбаттап кетті. Қазір жанармай құю бекеттерінде литрі 162 теңгеден сатылып жатыр. Аймақта бензин бағасы жыл басынан бері 12 теңгеге көтеріліп отыр. Әсіресе, такси қызметін атқаратын қарапайым жүргізушілер бағаның бұлай шарықтауына алаңдаулы. 

Батыс Қазақстанда да бензин бағасы күрт өсті. Бір апта бұрын АИ-92 152 теңге тұрса, қазір кейбір бекеттерде 169 теңгеге дейін сатылып жатыр. Кейбірінде талонмен беріліп жатса, енді бірінде жанармай мүлдем жоқ. Атырау мұнай зауытында жөндеу жасалып жатқанына орай бензин тапшылығы туындады дейді Энергетика басқармасы.

Ардақ Мұратқызы

бензин

Хабарламаларға жазылу