Португалияда жанармай тапшылығынан көліктер ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияда жанармай тапшылығынан көліктер ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр

17.04.2019

Португалияда жанармай тапшылығынан көліктер ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Бұған бензин тасымалдайтын жүргізушілер ереуілі себепші. Олар жалақыны көтеруді және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, станцияларға жанармай жеткізуден бас тартқан.

Сондықтан, Португалия билігі елде энергетикалық дағдарыс жариялады. Ал, жүргізушілер көліктеріне бензинді барынша толтырып алу үшін кезекте сағаттап тұруға бар. Сонымен қатар, керосин тапшылығынан кемінде бір әуе рейсі доғарылған. Дегенмен, жүргізушілер ауруханалар мен әуежай сияқты төтенше қызмет орталықтарына жанармай жеткізуге келіскен.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу