Астана тұрғыны есірткі затын «Big Bon» кеспесінің дәмдеуіштер пакетіне салып, оны тергеу изоляторындағы сотталушыға беріп жібермек болған, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Мұқият тексеру нәтижесінде азық-түлік тағамдарының арасындағы «Big Bon» кеспесінің дәмдеуіш салынған үш пакетінен есірткі заты табылған. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 100 грамға жуық гашиш екенін көрсетті.
Аталған факті бойынша материалдар қылмыстық тергеу органдарына жіберілді. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2013 жылы сотталғандарға жөнелтілмек болған 37 келіге жуық есірткі тәркіленген.