Дін және дәстүр радикализмге қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дін және дәстүр радикализмге қарсы

19.06.2014
Дін және дәстүр радикализмге қарсы

«Дін және дәстүр радикализмге қарсы». Өскеменде осы тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға теологтар, дінтанушылар мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысып, дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара қатынастың діни радикализмге қарсы тұрудағы ықпалын талдады.

 
Пленарлық мәжіліс кезінде радикалды ағымдардың дәстүрлі рухани құндылықтарды жоюды көздейтіні баса айтылды. Ол бірінші кезекте, отбасына соққы жасаудан басталады. Сол себепті отбасылық тәрбие беру ісінде әрбір ата-ана баласының ақ пен қараны ажырата білуіне көп көңіл бөлуі керек.
 
Орта және жоғары оқу орындарында «Дінтану негіздері» пәнінің ұстаздары басқа оқытушылармен үйлесімді жұмыс жүргізсе, жастардың діни сауаттылығы артады. 
 
Марат Әзілханов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы:
Рухани құндылықтарымыз, дініміз ғасырлар бойы өзіміздің дәстүрімізбен сабақтасып, қатар келе жатқаны туралы әңгіме болды.  Қоғамдық санада, ақпараттық кеңістікте осындай мәлімет бере отырып, діни сауаттылығымызды жоғарылатсақ, елімізде экстремистік, радикалдық идеологияға жол бермеудің бір жолы осы.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу