Сарапшылар Қазақстандағы ақылы жолдарды әлемдік стандартқа сай деп бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар Қазақстандағы ақылы жолдарды әлемдік стандартқа сай деп бағалады

07.10.2019

Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ақылы жолдардың сапасы мен ондағы төлем қабылдау жүйесіне оң бағасын берді.

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының» 60 жылдығына арналған жиынға келген мамандар «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» ақылы жолдарын аралады. Терминалдардың техникалық мүмкіндіктерін көрген мамандар барлығы әлемдік стандартқа сай екендігін айтты. Дегенмен, турникеттерді алып тастап, интернет арқылы жұмыс істейтін ашық төлем жүйесіне көшу керектігін жеткізді. Өйткені, ашық төлем терминалдардың жанында көлік кептелісін болдырмайды. Айта кетейік, алдағы уақытта елімізде 11 мың шақырым жол ақылы болмақ. Бастысы, оның сапалы әрі қауіпсіз болуы жүргізушілер үшін аса маңызды.

Виктор Шумчик, Беларусь жол ғылыми-зерттеу институтының директоры:

Ең маңыздысы, техникалық көрсеткіштер жақсы ойластырылған. Ақылы жолдардағы қауіпсіздік ережелері сақталған. Бетон жолдар кемі 30-40 жылға шыдайды. Бірақ, біз Қазақстанның климатын және қыс келгенде бетон жолда көктайғақ болатынын білеміз. Сондықтан, осы мәселені де ойластыру қажет.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу