Біріккен Араб Әмірлігінде тұратын 63 жастағы ең көп балалы әке Даад Мұхаммед әл-Балуши 18-ші рет үйленбекші. Бұл туралы «Русский мир» сайты хабарлады.
Отағасының бұрынғы некелерінен 90 баласы: 60 ұлы және 30 қызы бар. Сондай-ақ, ол 50 немеренің атасы. Бірақ Даад мұнымен де шектелмек емес. Ол өзіне 100-ден кем емес баланың әкесі болуды мақсат тұтыпты.
«Жергілікті заңдарда 4-тен артық әйел алуға тыйым салатын шектеулер болмағанда, баяғыда-ақ арманыма қол жеткізер едім», - дейді бірнеше отбасының иесі. Қазіргі кезде бақытты әкенің үш әйелі бар, оның екеуі биылғы маусым айында ана атанады. Өзінің бұрынғы әйелдерінің барлығын Мұхаммед қызмет көрсетушілерінің болуына дейін қарастырылған үй-жайлармен қамтамасыз еткен.