60 келі салмақта «Astana Arlans» намысын қорғаған Самат Бәшеновтің қарсыласы – ресейлік боксшысы Альберт Селимов болды. «Baku Fires» командасының ресейлік легионері өткен маусымда бес жекпе-жек өткізіп, төртеуінде жеңіске жетті. Тек, украиналық Василий Ломаченкомен болған жекпе-жекте ғана есе жіберді. Бұл маусымда Селимов мексикалық Норберто Флоресті жеңді.
Селимов - Еуропаның екі дүркін чемпионы, 2007 жылы Чикагода өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы, 2009 жылы Миландағы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Төрт дүркін Ресей чемпионы.
Бұл жекпе-жекте «Baku Fires» командасының боксшысы мықтылық танытты. Бұл жеңістен кейін әзірбайжандық команда 2:0 есебімен алға шықты.