Зарина Диас: «Өз деңгейіме сай ойын үлгісін көрсете алмадым» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас: «Өз деңгейіме сай ойын үлгісін көрсете алмадым»

18.01.2014
Зарина Диас: «Өз деңгейіме сай ойын үлгісін көрсете алмадым»
Қазақстандық теннисші Зарина Диас «Australian Open» жарысының үшіншіайналымында   румыниялық Симона Халепке 1:6, 4:6 есебімен есе жіберді.
 
Ашық чемпионаттан кейін қазақстандық теннисші матч туралы ойларымен бөлісіп, жанкүйерлеріне алғыс білдірді.
 
«Симоны Халеп – алдыңғы қарсыластарымнан мықты. Мен бұл айналымда өз деңгейіме сай ойын үлгісін көрсете алмадым. Матч барысында жіберген қателіктерімді қарсыласым сәтті пайдаланды. Алайда, Австралия кортында маған қолдау білдіріп,  жанкүйерлерік танытқандарға алғыс білдіремін. Келер жылы дәл осы жарыста елімді жеңіспен қуантуға тырысамын»,- дейді спортшы.
 
Айта кетейік, 20 жастағы қазақстандық теннисші қазір әлемдік рейтингте 152-орында тұр. Сонымен қатар, ол жарыстың екінші айналымынан кейін ресейлік Sports.ru порталында «Күннің  үздік спортшы аруы» деп жарияланды.
 

Хабарламаларға жазылу