Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

06.05.2020

Ертең 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойған. Бүгін Елбасы мереке қарсаңында қазақстандықтарға Отан қорғаушы күніне арналған құттықтауын жолдады. «Тәуелсіздік алған сәттен бастап біз еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қарулы қақтығыстардың алдын алуға, Қарулы күштерді дамыту мәселелеріне әрдайым ерекше мән бердік. Қуатты және қабілетті армия егемен елдің маңызды атрибутының бірі. Қазақстан армиясы заман талабына сай қару-жарақпен жабдықталған»,- деген Елбасы, Отан қорғаушыларға туған өлкенің тыныштығын абыроймен күзетіп, әділдік пен партиотизмнің жарқын үлгісін көрсете беретініне сенім білдірді.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу