Қазақстан жастар құрамасы Эстония және Финляндия құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жастар құрамасы Эстония және Финляндия құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді

06.03.2015
Қазақстан жастар құрамасы Эстония және Финляндия құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді

Саулюс Ширмялис шәкірттері 25 наурызда Хельсингде Финляндия жастар құрамасымен, ал, 30 наурызда Таллинде Эстония футболшыларымен кездеседі. Бұл туралы Футбол федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

- Біз скандинавиялық ойын үлгісін дәріптейтін командалармен ойнаймыз, - деп қарсыласты таңдауын түсіндіреді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы  Саулюс Ширмялис. – Финляндия – бұл Норвегия құрамасмының шағын көшірмесі, біз олармен ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде кездесеміз. Дәл осындай ойын үлгісін эстониялық футболшылар да ұсынады.

Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде Англия, Норвегия, Швейцария, Босния және Герцеговинамен бір топта ойнайды. 

Хабарламаларға жазылу