Картоптың «Тоқтар» деген түрін білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Картоптың «Тоқтар» деген түрін білесіз бе?

17.01.2014
Картоптың «Тоқтар» деген түрін білесіз бе?
Бүгінде «екінші нан» аталып кеткен картоптың 150-ге тарта түрі бар. Отаны Испания саналатын бұл азық түрінің  әлемге таралу тарихы да қызық.
 
Алғашында Франция ханшайымы Мария Антуанетта картоптың гүлін сәндік бұйым ретінде пайдаланған. Кейін бұл сарай қызметкерлері арасында сәнге айналды.
 
Тіпті Король XVI Людовик картопты қала маңына еккізіп, оны күзетуді бұйырады. Бір қызығы, картоп ұрлаушыларды ұстамауға міндеттейді. Корольдің бұл әрекеті жемістің әлемге кең таралуына жағдай туғызады.
 
1560 жылдары картоп Еуропа мен Азияға келеді. Бүгінде елімізде картоптың 29 түрі өсіріледі. Тіпті олар қолдан будандастырылып, әртүрлі сұрыптар ойлап табылуда.
 
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапары кезінде өзімен бірге «Гатчинский» картобының жасушаларын алып ұшып, Жерге оралған соң, осы жасушалар негізінде мамандар тәжірибе алқабында картоптың «Тоқтар» және «Орбита» атты жаңа түрлерін шығарды.
 
Картоптың құрамында C, B1, B2, B6, B9, K дәрумендері бар. 75 пайызын су құрайды. Сонымен қатар, асқазан, ішек жолдары жұмысына өте пайдалы. Оның құрамындағы фосфор тістің эмалін қатайтып, қызылиектің қанауын тоқтатады.

Хабарламаларға жазылу