«Таңшолпан». 2 қазан Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 2 қазан Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан күні (ВИДЕО)

02.10.2017

Көктің жүзіне көтерілген алғашқы қазақ ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров. Сонау 1961 жылы мектепте оқып жүрген шәкірт парашют үйірмесіне қабылданады. Араға екі жыл салып, 1963 жылы Қарағандыдағы ұшқыштар дайындайтын үйірмеге ауысып, машина-трактор станциясында комбайн жүргізушісінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

1965 жылы қаладағы жұмысшы жастарға арналған орта мектепті аяқтайды. 1969-1975 жылдары Кеңес Одағы Әскери әуе күштерінің Қиыр шығыстағы әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары болды.

Тоқтар Оңғарбайұлы 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай, ұшаққа екі рет жанармай құю арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. Одан бөлек 1989 жылы бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МИГ–29» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырғаны тағы бар. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізген.

«Меніңше бүкіл адамзат ғарышқа ұшып келуге тиісті. Сонда ғана адам жердің қадірін біледі. Ұшқан ғарышкерлер жерден біраз алыстап сол кезде жерге деген махаббаты оянды. Жердің сұлулығы соншалық қарапайым адамның миына сыймайтын зат», - дейді ғарышкер.

Хабарламаларға жазылу