«Оскар» сыйлығынан үміткерлер анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оскар» сыйлығынан үміткерлер анықталады

16.01.2014
«Оскар» сыйлығынан үміткерлер анықталады
Америкалық кино өнері академиясы бүгін 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Oscar кино» сыйлығынан үміткерлерді жариялайды, деп хабарлайды «ИТАР-ТАСС».
 
Салтанатты шара Лос-Анджелестің Беверли-Хиллз ауданындағы Самуэл Голдуин театрында өтеді. Алтын мүсінге номинанттар тізімін академия президенті Бун Айзекс пен актер Крис Хемсворт мәлімдейді.
 
Сарапшылардың болжамы бойынша, таңдаулы бес-он фильмге берілетін «Ең үздік фильм» аталымында режиссер Стив Маккуиннің шынайы оқиғаға негізделген «12 жыл құлдықтағы өмір» атты киносының бағы жануы мүмкін. Шығарма өзегіне Нью-Йоркте ХІХ ғасыр ортасында өмір сүрген афроамерикалық Соломон Нортаптың мемуары алынған.
 
Лузиана штатындағы плантацияда жұмыс істету үшін күтпеген жерден құлдыққа сатылған ол тек 12 жылдан соң ғана бостандық алады. Бұл фильм «Ең үздік драмалық фильм» аталымы бойынша кино сыншыларының жоғары бағасына және «Алтын глобус» сыйлығына ие болған.
 
Тізімге сондай-ақ Голливудта тіркелген шетелдік журналистер қауымдастығының ұйғарымымен, «Алтын глобусты» иеленуге лайық деп табылған Альфонсо Куаронның «Гравитация» фильмі де кірмек.

Хабарламаларға жазылу