Алматы әкімі метрополитеннің екінші кезегін мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі метрополитеннің екінші кезегін мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды

14.01.2014
Алматы әкімі метрополитеннің екінші кезегін мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды
Бүгін Алматы метрополитені екінші кезегінің «Мәскеу» станциясына дейінгі  ұңғу жұмыстарының салтанатты рәсімі өтті. Шараға қатысқан қала басшысы Ахметжан Есімов Алматы жерасты жолының қаншалықты маңызға ие екендігін ерекше атап өтті.
 

«Бүгін Алматы метросында есте қалатын елеулі оқиға. «Мәскеу» станциясына дейінгі ұңғу жұмыстары аяқталды. Биылғы жылдың міндеті – «Мәскеу» және «Сайран» станцияларының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. Бұл мегаполистің шет аймақтарын орталықпен қосып, жолаушылар тасымалын жақсартатын болады. Біз қаламыздың батыс аймақтарын Алматы облысымен жалғастыратын боламыз», - деді Ахметжан Есімов.
 

Қала басшысы екі станцияның іске қосу мерзімдерін қайта қарауды ұсынды. «Аталаған құрылыстарды мерзімінен бұрын аяқтау үшін барлық шаралар жүзеге асырылатын болады», деп атап өтті әкім.

Хабарламаларға жазылу