Бауыржан Байбек селден зардап шеккен аймақты аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек селден зардап шеккен аймақты аралады

17.08.2015
Бауыржан Байбек  селден зардап шеккен аймақты аралады

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек селден жапа шеккен Наурызбай ауданын аралап, тұрғындармен жүздесті.

Сел тасқынын бөгеген Қарғалы өзенінің бойындағы су бөгетінің беріктігін тексерді.

Наурызбай ауданындағы сел салдарынан бүлінген №187 және №192 орта мектептерді аралаған шаһар басшысы жаңа оқу жылына дейін мектепті қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу