Қыс мезгіліндегі ең ауыр күн анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыс мезгіліндегі ең ауыр күн анықталды

09.01.2014
Қыс мезгіліндегі ең ауыр күн анықталды
Адамдардың бірқатары қыста жұмыстарына жарық түскенге дейін барып, одан үйге қараңғы түскенде бір-ақ қайтады. Мұндай күн сәулесінің жеткіліксіздігі жағдайында адамдарда айтарлықтай психикалық ауытқулар туындайды, деп ескертеді Mental Health Research UK ұйымы.
 
«The Daily Mail» басылымының жазуынша, егер адам күн сайын өзіне қажетті күн сәулесінің мөлшерін қабылдамаса, бұл оның күйзеліске ұшырап, көңіл-күйінің төмендеуіне себеп болады.
 
Мұны анықтау үшін 2000 адамға арнайы зерттеулер жүргізілген. Зерттеулер нәтижесінде әрбір он адамның үшеуі қыс айларында таң қылаң бергенге дейін оянып, үйлеріне күн батқан соң ғана оралатынын айтқан.
 
Олардың 50 пайызы жұмыс орындарында табиғи жарық көздерінің жеткіліксіздігінен зардап шегетінін білдірді. Ал, әрбір оныншы адам жұмыс орнында табиғи жарықтың мүлдем жоқ екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ғалымдар қыс мезгілінің ең ауыр күні - қаңтар айының үшінші дүйсенбісі екенін анықтады. Себебі, бұл кезде адамға суық ауа райының әсері, өткен жылдардан қалған қарыздарының болуы, Жаңа жылды тойлағаннан кейін дел-сал күйге енуі және жұмысқа деген ынтасының төмендеуі байқалады.

Хабарламаларға жазылу