Жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды

06.01.2014
Жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды
Қызылжарда қатты аяз салдарынан жолда қалған автобустың жолаушылары құтқарылды. «Астана-Петропавл» бағытымен жүретін автобус Солтүстік Қазақстан облысының Рублевка ауылының маңында өңірдегі үскірік кесірінен тоқтап қалған еді.
 
Қоғамдық көлік ішінде болған 45 жолаушы арасында кәмелетке толмаған балалар да бар. Жедел жеткен жол сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тез арада жолаушыларды құтқарып, тамақтандырды. Барлық жолаушылар басқа автобуспен діттеген жерлеріне жеткізілді.

Хабарламаларға жазылу