Ақмола облысында жолаушыларға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жолаушыларға көмек көрсетілді

25.01.2018

Ақмола облысында қатты аяздың салдарынан істен шыққан бірнеше автобустың жолаушылары құтқарылды. 90-ға жуық қырғыз және өзбек азаматтарына көмек көрсетілді. Астрахань ауданы аумағындағы Алматы-Екатеринбург тас жолының 114 шақырымында автобустың жанармайы қатып қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көліктің Қырғызстанның Джалал-Абад қаласынан Мәскеуге бағыт алғанын анықтады. Онда 22 жолаушы болған. Көкшетау қаласының маңында да өзбекстандық азаматтар отырған 2 автобус тоқтап қалды. Жолаушылар жапа шеккен жоқ.

Әсет Жақсылықов, Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Дизельді отынмен жүретін көліктерге шектеу болғандықтан, 2 автобустың жолаушылары мен жүргізушілері арнайы дайындалған жылыну орындарына жеткізілді. Барлығы 59 адам. Көліктерін жылы тұраққа қойдық. Олар жататын жермен және 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бүгін жолдан шектеу алып тасталғандықтан олар сапарларын жалғастырып, Астанаға кетті. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу