СҚО-да аязды күні жолда бұзылған автобус жолаушылары құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да аязды күні жолда бұзылған автобус жолаушылары құтқарылды

28.01.2019

Түркістан облысынан Ресейдің Екатеринбург қаласына бет алған көлікте 60-қа жуық шетел азаматы болған. Дені Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Сынған көлік иесіне жол-патрульдік полиция қызметкерлері көмек көрсетті. Жолаушылар дін аман.

Сондай-ақ, өткен апта соңында Тайынша ауданының аумағында да жолаушылар көлігі бұзылып, 15 жолаушыға дер кезінде көмек көрсетілді.

Нұрбек Баекин, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Ауа райының күрт суытуына байланысты полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген қызмет атқаруда. Жол үстіндегі өткен-кеткен көліктерді тексеріп, азаматтарға көмек көрсетуде.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу