Жапонияда иістер «концерті» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда иістер «концерті» өтеді

04.01.2014
Жапонияда иістер «концерті» өтеді
12 қаңтар күні Жапонияның Хаммер мұражайында иістер «концерті» өтеді. Ерекше шара арқылы ұйымдастырушылар суретші Садакити Хартманның көрермендерге Нью-Йорктен Жапонияға саяхаттауды түрлі иістердің көмегімен сезіндірмек болған ойын жүзеге асырмақшы.
 
Алғаш рет мұндай «концертті» ұйымдастыру 1902 жылы қолға алынған. Көрермендер белгілі бір иістер арқылы Нью-Йоркке «саяхат жасаған» еді. Алайда, ол кезде «концерт» сәтсіз аяқталған.
 
Енді, міне, жүз жыл өткен соң, Саския Уилсон-Браун Хартманның танымал туындыларын пайдалану арқылы және заманауи технологиялардың көмегімен ерекше инсталляция жасамақ.
 
«Саяхаттың» заманауи түрі таксиден басталады. Алдымен, балмұздақ тиеген жүк көлігінің иісі келеді. Саския әр ароматқа 10-нан 30-ға дейін түрлі қоспаларды пайдаланады.
 
Мысалы, ұшақтың иісін беру үшін ол бурбон мен ұшу кезіндегі ұшақ қозғалтқышы жанармайының иісін алады. Ал, Токио метросының иісін беруде түрлі гүлдердің иісі мен мускус және құрғақ орманның иісін пайдаланбақшы.

Хабарламаларға жазылу