Миллиардерлер үшін өткен жыл табысты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миллиардерлер үшін өткен жыл табысты болды

04.01.2014
Миллиардерлер үшін өткен жыл табысты болды
Bloomberg  агенттігі әлемдегі ең дәулетті 300 адамының 2013 жылы тапқан табысын санап шықты. Агенттіктің мәліметінше, олардың қаражаты 524 миллиард АҚШ долларына көбейген. Олардың қолында 3 триллион 700 миллиард доллар бар.
 
Өткен жылы рейтингтің бірінші сатысы Microsoft жетекшісі Билл Гейтске бұйырды. Оның табысы 16 миллиард долларға ұлғайып, 78,5 миллиардқа жеткен. Гейтс бірінші орыннан мексикалық магнат Карлос Слимді ысырып тастады. Слим өткен жылы жарты миллиард долларға шығындалған.
 
Үшінші орынға испаниялық Омансио Ортега орналасты. Inditex компаниясының негізін қалаушы бір жылдың ішінде 9 миллиард долларға байыған.

Хабарламаларға жазылу