Жергілікті тұрғындардың казиноға баруына тыйым салынды

04.01.2014
Жергілікті тұрғындардың казиноға баруына тыйым салынды
Үндістандағы Гоа штатының билігі жергілікті тұрғындарға казинода құмар ойындарды ойнауға тыйым салды, деп хабарлайды РИА Новости.
 
1 наурыздан бастап ойын-сауық орталықтарын тек қана туристер аралай алады. Сонымен қатар, тұрғындардың Мандови өзеніндегі жүзбелі казинода ойнауға да құқы жоқ. Казиноға кірген адам турист екенін міндетті түрде дәлелдеуі тиіс.
 
Гоа — Үндістандағы ойын-сауық бизнесі заңдастырылған штаттардың бірі.

Хабарламаларға жазылу