Қытайда су тасқынынан оқушылардың мектепке баруына тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда су тасқынынан оқушылардың мектепке баруына тыйым салынды

08.06.2022

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейін бірнеше ауылды су басты. Сонымен қатар, талай егістік алқабы мен жолдар тасқынның астында қалған.

Осыған байланысты жергілікті билік 10 мыңнан астам оқушының мектепке баруына тыйым салып отыр.

Құтқарушылар табиғи апаттан қатты зардап шеккен ауылдарға аттанып жатыр. Олар дүйсенбіден бері ондаған адамды қауіпсіз жерге көшіргенін мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу