Бергей Рысқалиевтің сотына журналистер көп келмек

03.01.2014
Бергей Рысқалиевтің сотына журналистер көп келмек
 
Атырауда Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының ісіне байланысты 23 қаңтар күні басталатын сот процесіне көп журналист келеді деп күтілуде.
 
Еске сала кетейік, 24 желтоқсан күні Атырау облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында Атырау облысының бұрынғы әкімінің қызметімен байланысты қылмыстық топ ісінің алдын ала тыңдауы басталды.
 
22 адам айыпталып отыр, олардың арасында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров, қаланың бұрынғы әкімі Асқар Керімов бар.
 
Сотталушылардың мүдделерін 21 адвокат қорғайды. Атырау облысының бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевтің қызметіне байланысты қылмыстық іс 777 томнан тұрады.

Хабарламаларға жазылу