Рысқалиевтың қылмыстық тобына қатысты сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рысқалиевтың қылмыстық тобына қатысты сот басталды

23.01.2014
Рысқалиевтың қылмыстық тобына қатысты сот басталды

Бүгін Атырау облысындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өңірдің бұрынғы әкімі  Бергей Рысқалиев құрған қылмыстық топтың 22 мүшесіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті.

 
Күдіктілер бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсады және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталуда. Қылмыстық іс 777 томнан тұрады.
 
Естеріңізге сала кетейік, әзірге Бергей Рысқалиев пен інісі Аманжан Рысқали, оған қоса, оның 9 сыбайласы халықаралық іздеуде. Бұларға қатысты қылмыстық істің материалдары жеке өндіріске шығарылды. Рысқалиев ұйымдастырған қылмыстық топ мемлекетке және өзге тұлғаларға 70 миллиард теңгегеден астам залал келтірген.
 
Оны өтеу мақсатында айыпталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің алты жүзге жуық түріне тыйым салынды. Қылмыстық топтың 22 мүшесінің арасында бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов, орынбасары Асқар Әбдіров және Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов те бар.
 
 
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
 
 

Хабарламаларға жазылу