«Таңшолпанның» байқаулар шеруі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанның» байқаулар шеруі

02.01.2014
«Таңшолпанның» байқаулар шеруі
«Таңшолпан» бағдарламасында соңғы екі жылда 13-тен астам байқау ұйымдастырылыпты. Бұл байқаулар өмірі өнегелі талай жанды жалпақ жұртқа таныстырды. Әрі көпшілік арасында алтын көпір орнады.
 
Байқаудың алғашқы шымылдығын бұрымдылар сайысы түрген еді. Шашының ұзындығы бір метрден асатын талай ару көрерменнің көзайымына айналды.  Одан соң ірі қараныңтоқпан жілігін бір ғана соққымен қаққа бөлетін білекті жігіттер бақ сынады.
 
Кез келген ұлттың музыкалық аспабында қазақтың бір әуені ойналған сұлусаз өнер сайысы, шеберхана, тәттілер шеруі, өнерлі өзге ұлттар сынды сайыстар да аталған бәйгелермен қатарласа өтіп жатты.
 
«Парасатқа құштарлық» сайысы әдебиетке жаны құштар сөз өнерінің қасиетін ұққан түрлі мамандық иелері ақындардың мерейін асқақтатты. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген бұл дода үш маусымға созылды.
 
«Тележүргізуші болғым келеді», «Егіздер шеруі», сондай-ақ, «Таңшолпанның» 20 жылдығына ұйымдастырылған Таңшолпан есімді арулар сайысы да көпшілікті дүр сілкіндірген байқау болды.  
 
Ал «Өнегелі отбасы», «Ең жас батыр ана» сайыстары көптің көңілінен шыққан үздік сайыстар қатарында.

Хабарламаларға жазылу