25 мамырда елорда түлектерінің құрметіне «Біз - ел болашағымыз» атты мерекелік концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 мамырда елорда түлектерінің құрметіне «Біз - ел болашағымыз» атты мерекелік концерт өтеді

16.05.2016
25 мамырда елорда түлектерінің құрметіне «Біз - ел болашағымыз» атты мерекелік концерт өтеді

25 мамыр күні сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументі алаңында «Біз - ел болашағымыз» тақырыбында мерекелік концерт және Соңғы қоңырауға орай мектеп түлектерінің би кеші өтеді. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ауқымды шараға елордалық мектептерден 4593 түлек қатысады. Астана қаласының үздік өнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашады. Олардың қатарында «VIVA» шоу-балеті, «Kazakh Percussion Group» барабаншылар тобы, «Z» триосы бар. Сонымен қатар, бас қаланың үздік брэйкданс ұжымдары және М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары өз шеберліктерін паш етеді.

Шара барысында түрлі байқаулар мен сайыстар да өтеді. Білімді және креативті мектеп түлектері үшін интерактивті байқаулар ұйымдастырылып, шарларды ұшыру, әннен попури өткізіледі.

Хабарламаларға жазылу