Өзбекстанда 2014 жыл «Дені сау бала жылы» болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда 2014 жыл «Дені сау бала жылы» болады

01.01.2014
Өзбекстанда 2014 жыл «Дені сау бала жылы» болады

Өзбекстанда ел президентінің бастамасынан 1997 жылдан бастап әр жылға атау беріледі. Бұл жылы мемлекет пен қоғам сол атауға байланысты алға қойған мақсаттарын орындауға тырысады.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2014 жылды «Дені сау бала жылы» деп атады.

Бұған дейін, 2013 жыл – «Өркендеу және аман-саулық жылы», 2012 жыл – «Отбасы жылы»,  2011 жыл -  «Шағын және жеке кәсіпкерлік жылы», 2009 жыл – «Ұрпақ дамуының үйлесімі жылы»,  2009 жыл – «Ауылды көркейту жылы»,  2009 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланған болатын.

Хабарламаларға жазылу