Үндістандық әйел 70 жасында ана атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістандық әйел 70 жасында ана атанды

11.05.2016
Үндістандық әйел 70 жасында ана атанды

Үндістан тұрғындарының бірі 70 жаста алғаш рет ана болу бақытына бөленді, деп жазады Bangkok Post желілік басылымы.

45 жастан кейін әйелдердің бала көтеру мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді, ал 50 жастан асқан аналар дені сау бала тууы - сирек кездесетін жағдай деп саналады. Әйелдер 70 жастан асқан соң ана болуды армандамайды да, себебі бұған мүмкіндік өте аз. Осындай жаста егде жастағы әйелдер немере немесе шөбере сүйеді. Олай болғанымен, Үндістанда 70 жастағы Далжиндер Каур бәрі де мүмкін екенін дәлелдеді.

Үнділік әйелдің некеге тұрғанына 46 жыл болса да, бала көтере алмаған. Алайда Каур мен оның 79 жастағы жұбайы қартайса да, ата-ана атану үмітін үзбеген. Ерлі-зайыптылар ол үшін репродуктивтік медицинаға жүгінбек болып, Харьяна штатында орналасқан отбасын жоспарлау орталығына барады.

Үнділік дәрігерлер керемет іс атқара алды - Далжиндерге салынған ұрық дамып, ол дүниеге дені сау, салмағы екі келі баланы әкеле алды. Егде жастағы ерлі-зайыптылардың ұлы 19 сәуірде туса да, баспасөз өкілдеріне бұл туралы тек жақында белгілі болды.

Үнділік басылымның атап өтуінше, ата-ана атанған қарттар өте бақытты және Құдайға шексіз алғысын жаудырып жатыр.

Фото: AFP / East News.

ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу