«Шын жүректен!» реалити-шоуы паралимпиадашы Нұргелді Исламовқа қуаныш сыйлайды! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шын жүректен!» реалити-шоуы паралимпиадашы Нұргелді Исламовқа қуаныш сыйлайды!

16.01.2015
«Шын жүректен!» реалити-шоуы паралимпиадашы Нұргелді Исламовқа қуаныш сыйлайды!

Ұлттық арнаның «Шын жүректен!» реалити-шоуы 19 жастағы паралимпиадалық спортшы, суға жүзуден спорт шебері Нұргелді Исламовқа қуаныш сыйлайды!

Нұргелді Исламов - болашақ тіс дәрігері. Өзі білім алып жатқан республикалық медициналық колледждің Көңілділер мен тапқырлар клубында өнер көрсетеді.

Бос уақытында велосипед тебуді, ән шығарып, домбыра тартқанды ұнатады. 

Жоба барысында Нұргел­ді метрода әйгілі жаңажылдық әуенді орын­дайды. Сонымен қатар, рэп стилінде өлең оқып шығады.

Спортшыға дайындалған тосынсыйдың тағы бірі - бассейн түбіне орнатылған шырша.

Бағдарлама соңында кейіпкер қандай сыйлыққа ие болмақ? Бүгін, 21.50-де Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу