Алматыда cапалы медициналық қызметке қолжетімсіз ықшам аудандарға мобильді топтар жіберілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда cапалы медициналық қызметке қолжетімсіз ықшам аудандарға мобильді топтар жіберілуде

09.08.2019

Алматыда 1 тамыздан бастап сапалы медициналық қызметке қолжетімсіз ықшам аудандарға мобильді топтар жіберілуде. Мобильді кешендер барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Соның ішінде денсаулықты тексеретін және диагноз қоятын аппараттар да бар. Терапевт, педиатр, кардиолог, ревмотолог сынды салалық дәрігерлер аудан тұрғындарын толықтай тексерістен өткізеді. Игі бастамаға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық медициналық ұйымдар қатысады. Айта кетейік, аталған шара тамыздың 30-на дейін жалғаспақ.

Назым Күшікбаева, №3 жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімшесінің бөлім меңгерушісі:

Осы үш сағат көлемінде қабылданған 120 адам санының ішінен 5 қант мөлшері жоғары адамдар, 12 қан қысымы жоғары адамдар және сүт бездері бойынша 13 адамнан белгілер анықталды.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу