Алдағы 5 жылда дәрігерлердің орташа жалақысы 500 мың теңгеге жетуі тиіс. Бұл туралы бүгін елордада Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің орташа еңбек ақысы 240 мың теңге маңайында. Алайда бас дәрігер сала мамандарының көпшілігі бұдан аз алатындығын мойындады. «Сондықтан да білікті мамандар басқа елдерге ауып кетіп жатыр. Мәселен, көршілес Ресейде ақ халаттылардың табысы бізден екі есе артық. Сол үшін алдағы уақытта кезең-кезеңімен медицина қызметкерлерінің айлығын көтеру жоспарланып отыр»,- деді министр
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Біздің ойымызша, медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы елдегі орташа еңбекақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Осы кезде ғана мамандар тұрақтап, ынтамен жұмыс істейтін болады. Өйткені дәрігер нақты жұмысқа кірісу үшін 10 жыл көлемінде оқиды. 2025 жылға қарай медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 500 мың теңге болуы тиіс.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ