Басты Жаңалықтар Депутат: Трайбализмді тоқтату керек

Депутат: Трайбализмді тоқтату керек

Серіктестіктер мен фирмаларды қазақ руларының атымен атауды доғару керек. Өйткені бұл үрдістің соңы  алауыздыққа әкеліп соғуы мүмкін деді депутаттық сауал жолдаған Аят Сүгірбай. Оның сөзінше қазір елімізде тарихи шежіремен хатталған 800-ге жуық коммерциялық және коммерциялық емес ұйым бар. Олардың дені 1996-2005 жылдар аралығында тіркелген. Депутат ру атауларын коммерциялық мүдденің құралына айналдыру қоғамды жікке бөлетінін баса айтты. Сондықтан бұл тенденцияны заңмен шектеуді ұсынды. 

Аят Сүгірбай, Құрылтай депутаты:

Сондықтан мен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңға және басқа да тиісті нормативтік актілерге ру немесе жүз атауымен аталатын заңды тұлғаларды тіркеуге, қоғамдық бірлестіктер құруға нақты шектеу қоятын норма енгізу қажет деп санаймын.

Бөлісу