Елордада 8 мың дәрігер, 12 мыңдай орта буынды маман бар

14.06.2019

Көбісі - біліктілігі жоғары, соңғы технологияларның тілін меңгерген кәсіби қызметкерлер. Бірі күрделі операция жасаса, екіншісі күн сайын дүниеге келетін нәрестелердің аман-есен жетілуіне жауапты. Тілшіміз Сәуле Алдамұратқызы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында дәрігерлермен кездесіп, құттықтап келді.

Жүрек ауруы жасарып бара жатыр. Бұрындары 50-60-тан асқан жасы келгендер науқастанатын болса, қазір 25-30-дағы тепсе темір үзетін жігіттер мен 2-3 балалы болған келіншектер де осы дерттің зардабын тартып отыр. 20 жылдан астам кардиология саласында қызмет етіп келе жатқан Сейіл Сейітқожанұлы жүрек дертіне шалдыққандардың ауруын асқындырып келетініне қынжылады.

Сейіл Мұхаметқалиев, №2 көпбейінді аурухана, шұғыл кардиология және кардиохирургия орталығының басшысы:

Егер адамда кеуде тұсы ауырып, ашып, ентікпе пайда болатын болса, ақыры не болатынын тосып жүрмей, бірінші дәрігерге келу керек. Өлім азайғанмен, бірақ әрбір ұрпақ сайын бұл өзінің дегенін алып отырады. Тамыр ауруы, жүрек жетіспеушілігі , оның бірнеше сатысы бар. Яғни, оны дер кезінде емдемес, дер кезінде диагностика жасамаса өлім саны көбейеді. Біз клапант проблемасымен айналысамыз, жүректің глапант жетіспеушілігімен айналысамыз. Біздің істеп жатқан осы күнгі жұмысымыз, инфаркт санын азайтты.

Үмбетәлі қарияны да инфаркт айналып өтті. Соңғы екі жылда қан қысымы төмендемей, жүрек тұсы аши берген соң дәрігерге қаралған науқасқа дер кезінде операция жасалыпты.

Үмбетәлі Маданов, қала тұрғыны:

«Жүрегіңіздегі 4 тамырдың төртеуі де тарылған. Ота жасау керек. Тез арада инфаркт болуы да мүмкін. 6 сағат ішінде үлгеруіміз керек»,- деді. Көңіл-күйім – жақсы.

Ал Валентина Гергерт шыр етіп дүниеге келген сәбидің өміріне жауапты. Оның акушер болып қызмет еткеніне – 35 жыл. Осы уақыт аралығанда қанша әйелді босандырғанын есептеу мүмкін емес. Белгілісі Елордадағы бір ғана перзентханада бір күнде 30-35 нәресте дүниеге келеді.

Валентина Гегерт, №2 көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

Қазір технология өзгерді. Кесір тілігін тігетін медициналық бұйымдар, жаңа құрал-жадбық, УЗИ апараты барлығы жаңа. Орталықта неонаталдық бөлім ашылды. Онда түрлі дертпен туған және салмағы 500 грамм сәбилерді аман қалуға мүмкіндік бар.

Бұл бас қаладағы өз мамандығына адал, біліктілігі жоғары дәрігерлердің бір парасы ғана. Әйтпесе, күн сайын ерлікке пара-пар еңбек етіп, қолынан келгенше елге пайдасын тигізіп жүрген ақ халатты аяулы жандар арамызда аз емес.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу