![Әділет министрлігі өткен жылдың қорытындысын шығарды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66800.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекеттік қызметтің 42 пайызы Әділет министрлігінің жауапкершілігінде. Былтыр министрлік 11 миллионнан аса қызмет түрін көрсеткен. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 28 пайызға артық.
Әйтсе де, Берік Имашевтің мәлімдеуінше, мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілерді жан-жақты қарастырмай, шала күйінде ұсынады. Сол себепті 3 мыңнан аса заң жобасының әрбір екіншісі жетілдіру үшін кері қайтарылған.
Исидор Борчашвили, Сот сараптамасы орталығының директоры:
1997 жылы бас-аяғы 13 жарым мың сараптама, ал былтыр 60 мың 522 сот сараптамасын жүргіздік. Сандардан байқасаңыз, жұмыс көбейген, алайда маман саны бәз-баяғы қалпында. Кез келген сот сараптамасы ол адамның өмірі. Жауапкершілігі мол жұмыс. Оның үстіне, қазір Әкімшілік кодекстің 58-қаулысын қылмыстық айыпқа ауыстырып жатыр. Бұл алда сот сараптамасы жұмыстары көбейеді деген сөз. Сондықтан кадр жетіспеушілігін кезек күттірмей шешу керек.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әділет министрлігі өткен жылдың қорытындысын шығарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/66389/)