Астанадағы №12 емханада ашық есік күні ұйымдастырылды
Медициналық мекеме қала маңындағы Үркер шағын ауданында орналасқан. Үш жыл бұрын ашылған емханада 21 мыңнан астам адам тіркелген. Қалаға қарасты мекемеге көбіне Ақмола облысының Қараөткел ауылының тұрғындары қаралады. Негізінен ол ауыл мекенжай бойынша Целиноград ауданының орталығы - Малиновкаға қарайды. Алайда, ара қашықтығы 30 шақырым болатын орталыққа ауылдағылардың жетуі қиын. Сол себепті елді мекеннің жартысына осы қалалық емхана қызмет көрсетеді.
Бүгін тұрғындар хирург, педиатр, онколог, терапевт мамандарының тексерісінен өтіп, ем шараларын қабылдады. Әдетте кезек күтіп шаршайтын келушілерге бүгінгі ашық есік күні таптырмас шара болды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06