Кәсіпкерлікті жүргізуде әкімшілік кедергілер азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікті жүргізуде әкімшілік кедергілер азаймай тұр

07.04.2015
Кәсіпкерлікті жүргізуде әкімшілік кедергілер азаймай тұр

Кәсіпкерлікті жүргізуде әкімшілік кедергілер азаймай тұр. Бұл туралы бүгін елордада өткен жиында айтылды.

Басқосуға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты.

Шара барысында сөз алған шағын және орта бизнес өкілдерінің айтуынша, әкімшілік кедергілердің кесірінен тірліктерін тіктеуге қауқар жоқ.

Сондай-ақ, жиында Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобаларды дамыту мен отандық өнімдерді жарнамалауға байланысты мәселелер қозғалды.  

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу