Шымкентте шала туған үшемді дәрігерлер аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте шала туған үшемді дәрігерлер аман алып қалды

04.02.2019

Шымкенттік дәрігерлер ай күніне жетпеген үшемдердің өмірін сақтап қалды. Шала туған шараналардың салмағы небәрі 1,5 келі болған. Ең қызығы, нәрестелердің үшем екенін дәрігерлер де, анасы да операция кезінде бір-ақ білген. Жүктіліктің 6 айлығында келіншектің қан қысымы көтеріліп кеткендіктен, жедел операция жасауға тура келген.  Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. 

Мәлік Акмалов, перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Демалуы нашар болған соң реанимацияға жатқыздық. Туылғанда жағдайы ауыр болған. Бүгінде денсаулықтары жақсы. Салмақ қосты. Туылғанда 1500-1600 грамм болды. Қазір 2100-2150 граммен үйіне шығарып жатырмыз. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу