Жамбыл облысында шекара режимін бұзған 67 Өзбекстан азаматы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында шекара режимін бұзған 67 Өзбекстан азаматы ұсталды

01.10.2015
Жамбыл облысында шекара режимін бұзған 67 Өзбекстан азаматы ұсталды

Жамбыл облысында шекара режимін бұзған 67 Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядының шекарашылары жергілікті көші-қон полициясымен бірлесе отырып «Нелегал-2015» операциясының аясында жүргізген рейдтік шара кезінде Жақсылық елді мекенінде шекара режимін бұзып жүрген Өзбекстан Республикасының 67 азаматын ұстады (мемлекеттік шекара елді мекеенен 23 шақырым қашықтықта).

Аталған азаматтар Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген.

Хабарламаларға жазылу