Оңалту орталықтарын көбейту жұмыстары жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңалту орталықтарын көбейту жұмыстары жасалады

13.11.2018

Ауруханалар саны азайтылады. Медицина саласын оңтайландыру арқылы оңалту орталықтарын көбейту көзделіп отыр. Өйткені, инсульт, инфаркт, жол-көлік оқиғасы және нейрохирургиялық операциялардан соң науқасты қалпына келтіру емі жүргізілуі тиіс. Ондай орталықтарды ашуға бюджеттен қаралатын қаржы мардымсыз. Тек биыл, 4 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалыпты. Алайда, халықтың сұранысы жоғары. Сондықтан, медициналық-әлеуметтік сақтандыру негізінде қаржы көлемін 10 есе арттыру жоспарланған. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- 2020 жылға 46 млрд. тг. жоспарлап отырмыз. Сондай бюджет болғаннан кейін қазір көп жекеменшік орталықтар ашылып жатыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде биыл 5 орталық ашылды. Соған біз бюджетті көбейту үшін сақтандыру қорының негізінде осындай жұмыс істеп жатырмыз. Екіншіден, ауруханаларды оңтайландыру негізінде оңалту орталықтарын ашу қажет. Қажетті бюджетті 2020 жылға жоспарлап отырмыз. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу