Депутаттар қандастар үшін квотаны көбейтуді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар қандастар үшін квотаны көбейтуді сұрады

27.01.2021

Қандастарға бөлінетін квотаның көлемін көбейту керек. Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар Үкімет басына осылай деп сауал жолдады. Себебі, кейінгі жылдарда елден көшу үрдісі белең алды. Ал бөлінетін квотада өзгеріс жоқ. Экономикалық ахуал анағұрлым күрделі болған кездің өзінде квотамен жылына 10 мыңнан 20 мыңға дейін қазақ отбасылар көшіп келетін. Соның арқасында жылына халық саны жылына 40 мыңнан 80 мыңға дейін көбейетін. Ал қазір өңірлерге қоныстандыру жұмыстарының өзі жөнді жүргізімей отыр. Тұрғын үй бөлу, жеңілдетілген кредиттер беру, жайылымға, егіндікке жер учаскелерін тарату, көшкенде беретін қаражатын қарастыру тиісінше дұрыс ойластырылмаған.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қандастарға бөлінетін квотаның көлемін көбейту, бейімдеу мен кіріктіру орталықтарын құру, репатрианттарға мемлекеттік қызметті қазақ тілінде көрсету, жұмыс күші артық өңірлерден адамдарды солтүстіктегі өңірлерге қоныстандыру сияқты мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруды сұраймыз.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу