Ақтауда ауыр халде жатқан сарбаздан менингококк инфекциясы анықталмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ауыр халде жатқан сарбаздан менингококк инфекциясы анықталмады

04.10.2018

Медициналық талдаулардың қорытындысы оның іріңді менингит ауруына шалдыққанын көрсетті. Менингит жұқпалы емес. Десе де, науқас әлі есін жиған жоқ. Осы жағдайдан кейін әскери бөлімдегі 327 адамнан сынама алынды. Олардың ешқайсысынан менингококк анықталмады. Бірақ, 12 сарбаз жедел респираторлы вирустық инфекциясымен ауруханаға жатқызылған. Қазір жауынгерлердің жағдайы жаман емес.    

Бекмұрат Өтесінов, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- Аурудың анализдерін ПЦР деген әдіспен жасаймыз. Бұл ең соңғы әлемдік деңгейдегі әдіс. ДНК-ның мөлшерінде анықтайды. Жұлын сұйықтығынан қанның қорытындысы тексерілді теріс, ешқандай менингококк инфекциясы жоқ.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ      

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу