Ресейде қауіпті менингококк инфекциясы өршіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде қауіпті менингококк инфекциясы өршіді

14.07.2023

Ресейде қауіпті менингококк инфекциясы өршіді. 10 адамнан бактерия анықталса, ауру екі тұрғынның өліміне себепші болды. «Тіпті екпе алғандар да індет жұқтырды»,- дейді мамандар. Жаппай ауруға шалдығу соңғы рет 30 жыл бұрын тіркелген. Инфекция ошағы Екатеринбургтегі Озон қоймасында анықталды. Менингококк ми қабығының қабынуына себепші болады. Яғни 20-22% жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Инфекцияның басты белгілері: бас, бұлшық еттің ауруы, бөртпенің пайда болуы.

Андрей Продеус, иммунолог:

Бұл ауруға қарсы екі вакцина бар. Алайда бір екпе 10 жылдан артық иммунитет қалыптастырмайды. Өкінішке қарай, тұрғындардың басым бөлігі оны ұмытып кетеді, ревакцинациядан бас тартады. Балалар менингококкпен ересектерге қарағанда алты есе жиі ауырады.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу