Бұл акция арқылы ұйымдастырушылар адамдарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырады. Яғни, күнделікті спорттық жаттығу жасап, дұрыс тамақтанып, зиянды фаст-фуд пен газды сусындардан бас тартуға үндейді. Ал, марафонға қатысушы адам оны ары қарай жалғап, әлеуметтік желіде таныстарына жолдауы керек. Іс-шара барысында сондай-ақ, білікті дәрігерлер тұрғындарды қабылдап, кеңестерін берді. Бұдан бөлек, шұғыл жәрдем көрсету әдістері көрсетіліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Дәулетхан Есімов, «Медициналық ұйымдардың қазақстандық альянсы» Қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы:
- Халықты зиянды әдеттерінен айыру үшін тұзды қолданбауды айту керек. Күніне таза 2 литр су ішу керектігін жеткізу керек. Одан басқа, күніне 10 мың қадам жүріп отырса, жүрек жақсы жұмыс істейді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Денсаулық кепілі» ұранымен «сау әдеттер марафоны» өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/82794/)