БҚО-ның Бөрлі аудандық емханасы электронды қызмет түріне көшті

08.06.2018

Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары қарқын алған.  Бөрлі аудандық емханасы толықтай электронды қызмет түріне көшті. Электронды денсаулық төлқұжаты әрбір емделушіге ашылған. «Сондықтан, бұрынғыдай амбулаторлық картаны іздеп, уақыт жоғалтпаймыз»,- дейді мамандар. Компьютерге науқастың аты-жөнін енгізіп, ол туралы қажетті мәліметтерді білуге болады. Сондай-ақ, дәрігердің қарауына онлайн жазылуға мүмкіндік бар. Мекеме 55 мың адамға медициналық көмек көрсетеді.

Мира Баймағамбетова аудандық емханада 30 жылдан бері қызмет етіп келеді. Тәжірибелі маман «жаңашылдық енгелі бері жұмыс біраз жеңілдеді», - дейді. 

Мира Баймағамбетова, мейіргер:

- Әйелдерді босандырып, трактормен аудан орталығына жеткізген күндеріміз де болды. Қазір жағдай жақсы. Биылдан бастап электронды картаға көшіп жатырмыз. Өте ыңғайлы. Ауруханадағы жаңашылдыққа көңілім толады.

 

Назерке ТОҚЖАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу