Елордалық Экология департаменті электронды қызмет көрсетуге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық Экология департаменті электронды қызмет көрсетуге көшті

22.02.2016
Елордалық Экология департаменті электронды қызмет көрсетуге көшті

Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетудің басты басымдылығы - экологиялық сараптама, экологиялық рұқсат және тіркелен қалдықтар төлқұжатын алу процесін тездету және жеңілдету. Бұдан басқа, сарапшы мен тапсырыс берушінің арасында тікелей байланыстың болмауы жемқорлыққа қарсы әрекетті қамтамасыз ету принциптерінің бірі болып табылады. Бұл ретте қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында регламенттелмеген қарым-қатынас болмайды.

Бүгінде Экология департаменті І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік сараптама қорытындысын беру, І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру, сонымен қатар, қауіпті қалдықтар төлқұжатын тіркеу бойынша қызметтер көрсетеді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Экология департаменті 1147 қызмет көрсеткен.

 

Хабарламаларға жазылу