Өткен жылы елімізде 400-ден астам науқас сотқа шағым түсірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылы елімізде 400-ден астам науқас сотқа шағым түсірген

12.03.2018

Соңғы үш жылда дәрігерлердің үстінен жүздеген қылмыстық іс қозғалған. 2015 жылы - 700, 2016-да – 500, өткен жылы 400-ден астам науқас сотқа шағым түсірген. Бірақ, сотта қаралған істердің тек 5 пайызында ғана медициналық қызметкерлер кінәсі дәлелденген. 
Соңғы шыққан Қылмыстық кодексте дәрігерлердің қателігі үшін тағайындалған жаза күшейтілді. Алайда, мамандар кейбір баптарды жеңілдету керек деп санайды. Ақ желеңділерді бас бостандығынан айырғаннан гөрі, білімін көтеріп, қателігін түзеуге құқық беру қажет. Бұл туралы екі күн бойына Астанада өтіп жатқан «Дәрігер қателігі мен жауапкершілігі» атты семинарда айтылды. 
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген медициналық қызметкерлерге халықаралық сарапшы Вугар Мәмедов дәріс оқып жатыр. Заң бойынша егер дәрігер қателігі дәлелденсе, ол 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  

Дәулетхан Есімов, «Қазақстандық медициналық ұйымдар альянсы» қауымдастығының басқарма төрағасы:
- Емдегенде қателік жасайтын болса, жауапкершілік болуы керек. Бірақ, ол жауапкершілік қандай болғаны жөн? Ол дәрігерді 5-6 жылға түрмеге жауып тастағаннан, шыққаннан кейін жақсы қызмет атқара ма, атқармай ма? Сондықтан, оларды оқытқан дұрыс деп ойлаймын. Дәрігердің білімін жоғарылату керек.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу