Сот шешімі: Трамптың қылмыстық қудалаудан президенттік иммунитеті жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот шешімі: Трамптың қылмыстық қудалаудан президенттік иммунитеті жоқ

07.02.2024

АҚШ-тың экс-президентін қылмыстық жазаға тартуға болады. Вашингтонның апеляциялық соты Дональд Трамтың қылмыстық қудалаудан президенттік иммунитеті жоқ деген шешім шығарды. Прокурорлар бұрынғы президентті 2021 жылы президент сайлауынның нәтижесін мойындамай, жақтастарын Капитолиді басып алуға айдап салды деп қылмыстық іс қозғап, сотқа татқан. Алайда, оның адвокаттары конституция бойынша, президент ел тізгінін қолына ұстап тұрған кезде жасаған қандайда бір заңсыз әрекеті үшін қылмыстық қудалаудан босатылады деген уәжді алға тартып, апеляциялық сотқа шағым түсірген-ді.

Алайда, үш судьядан тұратын алқа экс-президент кез келген АҚШ азаматы секілді қылмыстық жауапкершілікке тартылады деген қаулы шығарды. Бұл шешіммен келіспеген экс президенттің қорғаушылары соңғы инстанция-Жоғарғы сотқа шағым түсірмек. Айта кетейік, қазірдің өзінде Трамтың ұзын саны төрт қылмыстық іс қозғалып, бірнеше сот процесі жүріп жатыр.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу