Атырауда медициналық қызметкерлер жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда медициналық қызметкерлер жетіспейді

26.01.2018

Әрі аймақта сәбилер патологиясын, ана мен бала өлімін азайту үшін жүйелі жұмыстар атқару қажет. Бұл мәселелер Мәжіліс депутаттарының мұнайлы шаһарға сапары барысында көтерілді. Халық қалаулылары өңірдегі  бірнеше медициналық нысанның жұмысымен танысты. Дәрігерлер атыраулық қыз балалар арасында кәмелет жасқа толмай жүкті болу деректерінің жиілеп кеткенін айтты. Көшпелі жиында перинаталдық орталық үшін жаңа ғимарат керектігі де аталып өтті. Басқа да медициналық нысандардың жұмысымен танысқан депутаттар өзекті мәселелерді Үкіметке жеткізетіндіктерін мәлімдеді.

Бейбіт Мамыраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Көріп отырған проблемаларымыз ол мамандардың тапшылығы. Екінші мәселе бұл әрине, айлық. Айлықты көтеру. Әлеуметтік жағдай, үй бөлу. Әрине, ол мәселелерді кең қойып шешкен дұрыс. Жалпы, өңірде осы салаға үлкен мән беріліп жатқаны сезіледі. 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу